Қашықтықтан оқыту үшін қосымша компьютерлер сатып алынды

Қашықтықтан оқыту үшін қосымша компьютерлер сатып алынды

Қашықтықтан оқыту үшін қосымша компьютерлер сатып алынды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында оқушыларды қашықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін бюджеттен қосымша 116 млн теңге бөлінді. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта өңірде 72 557 оқушы білім алады. Олардың 5 мыңға жуығы шалғай ауылдарда оқиды, яғни интернет жоқ. «Облыстағы оқушылардың 66,8% – 48 мыңнан астамы онлайн білім алады. Ал теледидар арқылы 22,7% – 16 мыңнан астам бала сабақ оқиды. Кей оқушылардың үйінде компьютер жоқ. Петропавлда мектептер 2 747 баланы қажетті техникамен қамтамасыз етті», – дейді СҚО Білім басқармасының жетекшісі Гүлмира Кәрімова. Өңірдегі оқушыларға мектептер тарапынан 1 775 компьютер уақытша қолданысқа берілді. Алайда бұл да аздық еткен. Мектеп оқушыларын қашықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін бюджеттен 116 млн 200 мың теңге қаражат бөлініп, оған 596 ноутбук сатып алынды. Мамандардың айтуынша, облыста 12 мыңнан астам педагог бар. Оның 10 мыңнан астамы мұғалім. Бүгінде олар қашықтан сабақ беру үшін вебинарларға қатысып жатыр.