Карантин: бидай экспортына шектеу енгізілді

Карантин: бидай экспортына шектеу енгізілді

Карантин: бидай экспортына шектеу енгізілді
ашық дереккөзі
Еліміздің астыққа деген ішкі қажеттігін қамтамасыз ету мақсатында (оның ішінде азық-түлік көлемін сақтау және тамақ өнеркәсібін қайта өңдеу үшін) ҚР АШМ төтенше жағдай кезінде бидай экспортына шектеу енгізеді, – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Сондай-ақ, ҚР АШМ ұнды экспорттау бойынша тыйымды алып тастап, оның орнына ұнды республикадан тыс жерге шығаруға шектеу қояды. Осыған орай, енді бидай мен ұн экспорты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ай сайынғы белгілеген квота шеңберінде жүзеге асырылады. Квоталарды бөлу мен олардың көлемі алдағы уақытта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет ресурсында орналастырылады. Сондай-ақ, ҚР АШМ баспасөз қызметі республикада қанша астық көлемі бар екенін жариялады. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың 1 наурызындағы ақпаратқа сәйкес Қазақстанда 9,2 млн тонна, оның ішінде азық-түлік – 6,4 млн тонна, тұқымдық – 1,5 млн тонна, жемдік – 1,3 млн тонна астық бар. Айта кетейік, Қазақстандағы азық-түлік қоры жеткілікті. Баға Үкіметтің бақылауында.