Қызылорда облысының бұрыңғы әкімі үйқамаққа алынды

Қызылорда облысының бұрыңғы әкімі үйқамаққа алынды

Қызылорда облысының бұрыңғы әкімі үйқамаққа алынды
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен 28.03.2020 жылы Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотына Қызылорда облысының бұрыңғы әкімі Қ.Искаковқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат түсті. Бұл туралы Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі бұл тұлғаға Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен күдік келтірілгенін айтты. Күдікті Қуанышбек Досмаилович Искаковқа қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат қанағаттандырылды. «Үйқамақ» бұлтартпау шарасының 2 (екі) ай мерзімі 26.03.2020 жылы сағат 22:28-ден бастап 26.05.2020 жылы сағат 22:28-ге дейін белгіленген. Қаулы заңды күшіне енбеген.