Бүгін ауа райы жауын-шашынсыз болады – Қазгидромет

Бүгін ауа райы жауын-шашынсыз болады – Қазгидромет

Бүгін ауа райы жауын-шашынсыз болады – Қазгидромет
ашық дереккөзі
30 наурыз күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тек оңтүстік-батыста күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Өңірлерде тұман, екпінді жел сақталады, оңтүстікте сондай-ақ шаңды дауыл болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с желдің екпіні 23 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде жел 18 м/с артады. Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде 16 м/с екпінде жел тұрады.