Қарағанды облысы: 5 қалада қандай шектеулер енгізілді?

Қарағанды облысы: 5 қалада қандай шектеулер енгізілді?

Қарағанды облысы: 5 қалада қандай шектеулер енгізілді?
ашық дереккөзі
30 наурыз сағат 00.00-ден бастап  Қарағанды облысының карантинге жабылатын 5 қаласында бірқатар шектеу шаралары енгізіледі. Атап айтқанда:
  • Бес қаланың тұрғындарына отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан астам топпен жиналуға тыйым салынады. Азық-түлік, дәрі-дәрмек, банк қызметтерін сатып алуды және жұмысқа бару қажеттілігін қоспағанда, азаматтардың үйден шығуына шектеу қойылады.
  • 65 жастан асқан адамдарға далаға шығуға болмайды.
  • Кәмелетке толмағандарға ересектерсіз үйден шығуға тыйым салынады.
  • Ерекше өкімге дейін барлық қоғамдық орындар жабылатын болады. Ол - саябақтар, гүлзарлар, балалардың ойын және спорт алаңдары. Бизнес-орталықтар 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді.
  • Дәмханалар мен мейрамханалар жеткізу режимінде ғана жұмыс істей алады.
  • Барлық азық-түлік емес дүкендер, жеке меншік және мемлекеттік балабақшалар, сұлулық салондары, қоғамдық моншалар, сауналар, букмекерлік кеңселер және басқа да қызмет көрсету мекемелері жұмысын тоқтатады.
  • Карантиндік қалалар арасындағы көлік қатынасы әзірге тоқтатылған жоқ. Қозғалыс 2020 жылғы 2 сәуірде 00.00-ден бастап шектеледі. Сондай-ақ, авто және теміржол вокзалдарының, әуежайдың (арнайы рейстер шектелмейді) жұмысы уақытша тоқтатылып, қоғамдық көліктің жұмысы шектелетінін және карантиндік аймақтың толық қоршалуы қамтамасыз етіледі.
  • Еңбек көші-қоны мәселелері жергілікті әкімдіктермен және жұмыс берушілермен бірлесіп шешілетін болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысының бес қаласы карантинге жабылатынын хабарлағанбыз. Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларында 2020 жылғы 30 наурыздан бастап карантин тәртібі енгізіледі.