28 Наурыз, 09:03 834 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Коронавирустан көз жұмған әйелмен байланыста болғандардың тест нәтижесі жарияланды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Жедел штабтың Телеграмм парақшасында коронавирустан көз жұмған әйелмен қарым-қатынаста болған адамдардың тест сынамаларының нәтижесі жарияланды.

Ақмола облысында коронавирустан көз жұмған әйелмен қарым-қатынаста болған 7 адам анықталды. 27 наурыз күні түнде 4 адамның тест сынамаларының нәтижесі шықты. Олардың коронавирус жұқтырмағаны анықталды. Алайда олар әлі де дәрігерлердің бақылауында болады. Қалған адамдардың тест нәтижесі әлі дайын емес.

Естеріңізге салсақ, 26 наурыз күні елімізде әйел адам коронавирус дертінен көз жұмды. Ол – Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны. 13-17 наурыз аралығында Алматы мен Шуда қонақта болған.

Соңғы жаңалықтар