Карантин: Көшеге себепсіз шыққандарға қандай жаза қолданылады?

Карантин: Көшеге себепсіз шыққандарға қандай жаза қолданылады?

Карантин: Көшеге себепсіз шыққандарға қандай жаза қолданылады?
ашық дереккөзі
Карантин тәртібін бұзған азаматтарды жазалау шаралары күшейтіледі. Бұл сауалғаи ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жауап берді.  "Қоғамдық көліктің жұмысы мәселесін әкімдіктер пысықтап жатыр. Жағдайға қарай қоғамдық көлік қозғалысы шектелуі мүмкін. Саябақтар мен аллеяларда патруль жүргізіледі. Азаматтар үй жануарларын тұрғын үй маңында серуендете алады. Ал егер азаматтар басқа себептермен шықса, алдымен ескерту жасалады, одан кейін 26,5 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін", - деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфиріндегі мәлімдемесінде. Дәурен Абаевтың айтуынша, полиция қызметкерлері хаттама толтырып, істі сот қарайды. Одан бөлек, ТЖ кезеңіне билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Еске сала кетейік, ертеңнен бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантиндік шаралар қатаңдатылады