Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңға қол қойды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы екі заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңына қол қойылды.