25 Наурыз 2020, 14:31 649 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Дезинфекциялау жұмыстарына сарбаздар да тартылды

Карантинге жабылған Алматы қаласында үздіксіз дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Қаланың тазарту жұмыстарына Алматы гарнизонының күштері тартылды.

Олар бірінші кезекте жалпы көлемі 60 гектар болатын қаланың жеті ірі базарларын дезинфекциялады. Бұл жұмысқа 317 сарбаз жұмылдырылды. Оған қоса 11 бірлік арнайы техника мен өңдеу жұмысына киілетін 151 киім жиынтығы берілді. 49 тонна арнайы су ерітіндісі жұмсалды.

Гарнизон қызметкерлері карантиндік бақылауда тұрған 13 медициналық ұйымға санитарлық өңдеу жүргізбек. Бұл жұмысқа 320 әскери қызметші жұмылдырылады.

Айта кетейік, қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы күніне екі уақыт мегаполистегі жолдарды жууды ұйымдастыруда. Бұл жұмыстарға суарып жуатын 90 көлік, тротуар жинайтын 54 машина мен 962 жол жұмысшылары жұмылдырылды. Сондай-ақ қосымша 112 адам қоқыс жәшіктерін, орындықтар мен аялдамаларды дезинфекциялаумен айналысуда.

Сонымен қатар, бүгін сағат 9.00-ден бастап 32 бригада көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістерін залалсыздандыруды бастағанын жазған болатынбыз. 8633 кіреберіс (2868 үй) пен 1441 ауланы өңдеу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар