#Bizbirgemiz: Атырау еріктілері 100 тұрғынға көмек берді

#Bizbirgemiz: Атырау еріктілері 100 тұрғынға көмек берді

#Bizbirgemiz: Атырау еріктілері 100 тұрғынға көмек берді
ашық дереккөзі
Атырауда «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері 100 тұрғынға көмек қолын созды.  «Атыраулықтар да #Bizbirgemiznurotan республикалық акциясына қосылып, мұқтаж жандарға көмек беруге кірісті. Қазір көмек алуға мұқтаж 1140 отбасының тізімі түзілді. Оларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері, коронавирустың алдын алуға қажетті құралдар жеткізіледі. Көмек алатындардың қатарында тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылар, ардагерлер мен жалғызбасты қариялар бар» - деп хабарлады «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалының баспасөз қызметі.