Салафилік-уаһабилік ағыммен күресу  ̶  басты міндеттердің бір

90 рет оқылды
0

Елімізде соңғы жылдары дәстүрлі емес діни ағымдар мен секталардың саны артқан. Бұл туралы ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің хатшысы, теолог, Ph.D докторы Оңғаров Ершат Ағыбайұлы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған республикалық ақпараттық-насихаттау тобының Павлодар облысына жасаған сапары барысында мәлімдеді.

Тарихта дәстүрлі Ислам шеңберінен шығып кетуші ағымдар аз болмаған. Олардың көпшілігі уақыт көшіне ере алмай жойылып кеткенімен, идеологиялық сарқыншақтары сақталып қалды. Оның дәлелі − теріс пиғылды ағымдар – дәстүрлі Ислам доктринасына, ұлттық ауызбіршілігімізге сұрқиялықпен сына қаққысы келіп, қоғамда бүлік тудыруда,- деді Ершат Ағыбайұлы. Оның айтуынша, қазіргі жағдайда салафилік-уаһабилік ағымға тежеу қою – болашаққа төнер қауіптің алдын алмақ.

Айта кетерлігі, бұл ағым бүгінгі күнде үш топқа бөлінген: тәкпіршілдік, суруриттік, мадхалидтік. Бұл топтардың саяси көзқарастары әртүрлі болғанымен негізгі діни сенімдерін қалыптастырған ұстаздары мен ғалымдары, оқитын кітаптары, ұстанатын ақидалары бір.

Әлем мұсылмандарының алаңдаушылығын тудырған, жалған сенімді санаға сіңдіруге тырысқан «Тәкпіршілер» жамағаты − адамдарды сенім мен күпірлік (таухид пен ширк), бірқұдайлық пен серік қосу (иман мен ширк) мәселесінде адастырып, кәпірге шығаруда. «Таза Ислам», «таза Таухид» деген сөздерді бетперде еткен жамағат өкілдері жастарға жарқын болашақты уәде етіп, бүлікке бастап отыр, — дейді теолог. Бұл ретте, салафилердің ішіндегі саяси – идеологиялық ағым саналатын суруризм − мемлекет басшысының саясатына немесе ел басқару жүйесіне араласатындығын тілге тиек етті. Бұл тұрғыда олар мемлекет басқаратын патша суруриттік ағым өкілі болуын талап етіп, кәпір елдермен ынтымақтастық қарым-қатынас құрмауды көздейді.

Суруриттердің діни дайындығынан өткен адамның радикалданып, заңды билікке, басқа дін өкілдеріне, зайырлы азаматтарға қатысты шектен тыс агрессия көрсетіп, өзінің саяси мақсатына жету үшін кез келген тәсілді қолданатынын, соның ішінде қарулы қақтығысқа да барады, − дейді Ершат Ағыбайұлы. Теологтың сөзіне сенсек, бүгінгі күні «Суруриттерге» қатысты діни тұрғыда жан-жақты талдап, сараптама жасаған отандық шариғаттанушы-дінтанушы мамандар жоқтың қасы.

Ал кейіңгі кездегі елімізде орын алған лаңкестік әрекеттерге қатысқан содырлардың барлығы, оның ішінде Дарын Мубаров, Ибрагим Тайыржан сынды мадхалидттік уағызшылардың дәрістерін жүйелі тыңдағанын сөз еткен теолог мадхализм тобының да аса қауіпті екендігін айтты.

Дін істері комитеті ұйымдастырған Павлодар облыстық ақпараттық-насихаттау тобысың мүшелерімен кездесу − өңір тұрңындарын оның ішінде қазіргі жастарды діни сауаттылыққа шақыруды көздейді.

comments powered by HyperComments